"Ақмола облысы білім басқармасының Қорғалжын ауданы бойынша білім бөлімі" мемлекеттік мекемесі
Государственное учреждение "Отдел образования по Коргалжынскому району управления образования Акмолинсой области"

    

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

"Бақытты бала-бақытты ел"

22.06.2021

"Бақытты бала-бақытты ел" Республикалық акция аясында 1 маусым Халықаралық балаларды қорғау күнгі айтулы мерекеде балғын бөбектерге тамаша көңіл- күй сыйлап,өмірдің тамаша екенін сезінуге үлес қосып,демеуші болған ел ағалары мен апаларының балалар үшін жасаған сияпаттары көпке үлгі деп есептейміз. Қорғалжын ауданы әкімінің орынбасары Сабырғали Дарын Сабырғалиұлы аудан орталығындағы 1000 балаға тәтті балмұздақ сыйға тартты. Қорғалжын ауданы "Өрлеу" ККМ-ның басшысы Оралбеков Жұлдызбек Абуталипұлы "Қамқорлықтағы" сәбилерге ойыншықтар сыйлады. Қорғалжын аудандық ішкі істер бөлімінің басшысы Әшімов Шыңғыс Бауыржанұлы бүгінгі мерекелік күнімен тұспа- тұс келген туған күн иелерін: Қорғалжын мектеп- гимназиясынын оқушысы Баймұрат Нұрәділ және Жумай ауылының негізгі мектебінің оқушысы Мейрам Нұрасылды сыйлықтармен марапаттады. Қорғалжын ауданының құрметті азаматтары, ел аналары Сұрағанова Баян Байзаққызы және Мажитова Бәтжан Мажитқызы Үшсарт негізгі мектеп бүлдіршіні Сағынаева Нұрайша және Қорғалжын мектеп- гимназиясының бүлдіршіні Боранбек Айтөреге пенни борд тарту етті. "Еснұр" жеке кәсіпкерлік басшысы Мусин Амантай Нұрғалиұлы әр ауылдағы лагерьдің балаларына батутта сырғанау қуанышын сыйлады. Аталған азаматтарға Қорғалжын аудандық білім бөлімі қызметкерлерінің айтар алғысы шексіз. Ел ішінде осындай абзал азаматтар жас ұрпаққа үлгі болса, жас ұрпақтың болашағы жарқын болары сөзсіз. Тұғырлы елдің тұлғалы азаматтарына қашан да сенім артып, алғыс білдіреміз. 

 



Добавить комментарий



Включить данные в подпись
Жаңартылған күні: 22.06.2021 17:43
Құрылған күні: 22.06.2021 17:43

Текст