30.12.2025
“Қорғалжын аудандық білім бөлімі” ММ-де 2026 жылға арналған мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру мақсатында “Қорғалжын аудандық білім бөлімі” ММ -нің 29-желтоқсан 2025 жылғы №361-Ө бұйрығымен комиссия құрылған болатын. 19.11.2025 жыл мерзімінде білім бөлімінің сайты мен әлеуметтік желілерінде конкурстың басталғандығы туралы хабарлама жарияланды. Ауданға қарасты мектепке дейінгі ұйымдары білім бөліміне конкурс талабына сай құжаттарды тапсырды. 2026 жылы комиссия конкурс құжаттарын қарауды өткізді. Конкурс талабына сәйкес рәсімдер 16 жұмыс күні ішінде жүргізіледі. Соған сәйкес, Қорғалжын ауданы бойынша 2026 жылға арналған мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру жұмыстары жоспарланып отыр.
