"Ақмола облысы Қорғалжын ауданының білім бөлімі" ММ G-4 санаты бойынша азаматтық қызметшілер лауазымына конкурс жариялайды:
Қорғалжын ауданының"Амангелді орта мектебі" ММ директоры: Қорғалжын ауданының "Майшұқыр негізгі мектебі" ММ директоры лауазымдық жалақысы еңбек еткен жылдарына байланысты 75 433 теңгеден 90 254 теңгеге дейін. Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі педагогикалық білім; педагогикалық жұмыс өтілі 5 жылдан кем емес, оның ішінде басшылық лауазымындағы жұмыс өтілі 1 жылдан кем емес немесе білім беру ұйымдарында немесе білім беру ұйымдарында басшылық лауазымдарда жұмыс өтілі 5 жылдан кем емес; бірінші немесе жоғары біліктілік санатының болуы; соттылығының болмауы. Негізгі функционалдық міндеттері Үлгілік біліктілік сипаттамасына сәйкес педагог қызметкерлер мен оларға теңестірілген тұлғалардың Республикасы білім және ғылым Министрінің бұйрығымен бекітілген Қазақстан 13.07.09 ж.№338 (білім беру ұйымының директоры (бастауыш, негізгі орта және жалпы орта (орта жалпы). Білуге міндетті: Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының "Білім туралы", "Қазақстан Республикасындағы тілдер туралы", "Қазақстан Республикасындағы Бала құқықтары туралы", "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы", "Неке және отбасы туралы", "Қазақстан Республикасында мүгедектігі бойынша, асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша және жасына байланысты берілетін мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар туралы" Заңдарын, педагогика және психология негіздері туралы", "Арнаулы әлеуметтік қызметтер туралы", "Кемтар балаларды әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы", "Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың профилактикасы мен балалардың қадағалаусыз және панасыз қалуының алдын алу туралы" Қазақстан Республикасының заңдарын және білім беруді дамытудың бағыттары мен келешегін айқындайтын басқа да нормативтік құқықтық актілерді; педагогика мен психология негіздерін; мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарын; педагогтік ғылым мен практиканың жетістіктерін; қаржы-шаруашылық қызмет негіздері, еңбек туралы заңнама, еңбекті қорғау, қауіпсіздік техникасы және өртке қарсы қорғау ережелері мен нормалары; санитарлық ережелер мен нормалар. Конкурсқа қатысуға ниет білдірушілер құжаттарды хабарландыру жарияланған күннен бастап 15 күнтізбелік күн ішінде Қорғалжын ауылы, Күмісбеков көшесі, 26, телефон 2-22-89, 2-23-75 мекенжайы бойынша тапсыруы тиіс.
Қажетті құжаттар тізімі:
1) Конкурстық комиссия төрағасының атына тіркелген жері, нақты тұратын жері, байланыс телефондары көрсетілген өтініш;
3) Білім туралы құжаттың көшірмесі;
4) еңбек кітапшасының көшірмесі;
5) кадр есебі бойынша жеке іс парағы;
6) бұрынғы жұмыс орнынан болған жазалары мен көтермелеулері көрсетілген өндірістік мінездеме;
7) қолда бар біліктілік санаты немесе ғылыми дәрежесі туралы құжаттың көшірмесі;
8) медициналық куәландырудан өткені туралы құжат; Конкурсқа қатысу үшін ұсынылған құжаттардың көшірмелерін нотариалды немесе жұмыс орнының кадр қызметі растайды.