"Ақмола облысы білім басқармасының Қорғалжын ауданы бойынша білім бөлімі" мемлекеттік мекемесі
Государственное учреждение "Отдел образования по Коргалжынскому району управления образования Акмолинсой области"

    

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Мемлекеттік қызмет көрсету бойынша 2025 жылға арналған есебі

27.02.2026

http://Мемлекеттік қызмет көрсету бойынша 2025 жылға арналған есебі 

Жалпы ережелер

1) Қызмет көрсетушілер туралы мәліметтер

Білім беру саласындағы мемлекеттік қызметтерді «Ақмола облысының білім басқармасының Қорғалжын ауданы бойынша білім бөлімі» ММ, аудандық ведомстволық бағынысты білім беру ұйымдары көрсетеді.

Заңды мекенжайы: Қорғалжын ауданы, К.Күмісбеков көшесі, 26.

2) Мемлекеттік қызметтер туралы ақпарат

Ақмола облысында білім беру саласында 26 мемлекеттік қызмет көрсетіледі.

2025 жылы білім бөлімі, аудандық ведомстволық бағынысты ұйымдар 391 мемлекеттік қызмет көрсетті.

Оның ішінде:

электрондық үкімет порталы арқылы – 325 мемлекеттік қызмет;
қызмет көрсетушінің кеңсесі арқылы – 221 мемлекеттік қызмет;
қызмет көрсетушінің ақпараттық жүйелері арқылы электрондық форматта – 99 мемлекеттік қызмет.

Мемлекеттік қызмет көрсетуден негізделген бас тартулар өтініш анықталмаған.

Білім беру саласындағы барлық мемлекеттік қызметтер тегін негізде көрсетіледі.

3) Ең сұранысқа ие мемлекеттік қызметтер туралы ақпарат

Білім беру саласындағы ең сұранысқа ие мемлекеттік қызметтер:

«Балаларды бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім беру ұйымдары арасында ауыстыру үшін құжаттарды қабылдау»;

«Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарына құжаттарды қабылдау»;

«Жалпы білім беретін мектептерде оқитын және тәрбиеленетін жекелеген санаттағы білім алушыларды тегін және жеңілдетілген тамақпен қамтамасыз ету»;

«Мектепке дейінгі жастағы (6 жасқа дейінгі) балаларды мектепке дейінгі ұйымдарға жолдау үшін кезекке қою»;

«Бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін бағдарламалары бойынша оқыту үшін ведомстволық бағыныстылығына қарамастан білім беру ұйымдарына құжаттарды қабылдау және қабылдау (оқуға қабылдау)».

Қызмет алушылармен жұмыс

1) Ақпарат көздері мен қолжетімділік орындары туралы мәліметтер

Қызмет алушылар үшін қажетті барлық ақпарат білім басқармасының ресми интернет-ресурсында http://korgalzhyn.aqmoedu.gov.kz/content/po-okazaniyu-gosudarstvennyh-uslug «Мемлекеттік қызметтер» бөлімінде орналастырылған, онда мемлекеттік қызметтер көрсету қағидалары жарияланған.

Сондай-ақ барлық ведомстволық бағынысты ұйымдардың ресми интернет-ресурстарында және ақпараттық стендтерінде мемлекеттік қызметтер көрсету қағидалары орналастырылған. Өзіне-өзі қызмет көрсету бұрыштары жұмыс істейді.

2) Ашықтықты қамтамасыз ету жөніндегі іс-шаралар

2025 жылы білім басқармасы мен ведомстволық бағынысты ұйымдар 49 түсіндіру іс-шарасын өткізді, оның ішінде: ресми интернет-парақшаларда 17 жарияланым.

Ай сайын бұқаралық ақпарат құралдары мен қызмет көрсетушілердің интернет-ресурстары арқылы мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі туралы халықты ақпараттандыру жұмыстары жүргізіледі.

Мемлекеттік қызметтер көрсету үдерістерін жетілдіру жөніндегі қызмет
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін төмендету және мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын арттыру мақсатында Ақмола облысының мектепке дейінгі білім беру ұйымдары Akmola.kz бірыңғай ақпараттық жүйесі жұмыс істейді.

2022 жылдан бастап білім беру ұйымдарында Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің «Мемлекеттік қызметтерді автоматтандыру» жүйесі жұмыс істейді, онда 26 мемлекеттік қызмет көрсетіледі.

    Білім беру саласында мемлекеттік қызметтерді 58 қызметкер көрсетеді, олар қажетті компьютерлік техникамен қамтамасыз етілген.
2025 жылы 17 қызметкер мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша біліктілікті арттыру курстарынан өтті.

Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бақылау

1) Қызмет алушылардың шағымдары туралы ақпарат

2025 жыл ішінде білім беру саласында мемлекеттік қызметтер көрсетуге қатысты шағымдар түскен жоқ.

2) Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына ішкі бақылау нәтижелері

Ішкі мемлекеттік бақылау бақылау іс-шаралары мен мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын мониторингтеу нысанында жүзеге асырылады.
2025 жылға арналған бақылау іс-шаралары жоспарына сәйкес Қорғалжын ауданы білім беру ұйымдарында 13 бақылау іс-шарасы өткізілді.

Қорытындысы бойынша 10  ұсыным әзірленді, оның ішінде 7-і орындалды, 3 ұсынымның орындалуы бақылауда.

3) Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына қоғамдық мониторинг нәтижелері

2025 жылғы қоғамдық мониторинг нәтижелері бойынша Қорғалжын ауданы білім бөліміне қатысты ескертулер жоқ.

Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын арттыру перспективалары

Мемлекеттік қызметтер көрсету тиімділігін және қызмет алушылардың қанағаттану деңгейін арттыру мақсатында келесі міндеттер қойылды:

Қазақстан Республикасының заңнамасы талаптарын қатаң сақтау;
мемлекеттік қызметтер көрсету қағидаларының қолжетімділігін қамтамасыз ету;
электрондық үкімет порталы арқылы жүгінулер үлесін арттыру;

қызметкерлердің біліктілігін арттыру;

мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына ішкі мемлекеттік бақылау жүргізу.

 

Басшы                                                                           Ж.Бейлгожин

 

 

 

 

 

 

Орынд: Г.Шекенова
Тел.: 22377



Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст