Текст
Ақмола облысы білім басқармасының Қорғалжын ауданы бойынша мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру жөніндегі конкурстық комиссияның шешімі шығарылды. Айта кетейік, аталған конкурс 2022 жылдың 7-29 желтоқсан күндері аралығында жүргізілді. Конкурстық комиссияның №3 Хаттамасына сәйкес Қорғалжын аудандық білім бөлімі бойынша 3 балабақша мен 10 шағын орталықтың құжаттары ұсынылған болатын.