Аутизмі бар балаларды тәрбиелеу және оқыту
2 сәуір — Дүниежүзілік аутизм мәселесі туралы ақпарат тарату күні.
Жалпы елімізде аутизмге шалдыққан 6 мың бала бар. Білім беру ұйымдарында ерекше білім беру қажеттілігі бар балалардың 96,58%-ы тәрбие, оқыту және түзету-педагогикалық қолдаумен қамтылған. Аутизмі бар балаларды жалпы білім беру процесіне тартуға көп көңіл бөлінеді. 2020 жылдан бастап мектептерде аутизмі бар балаларды оқу процесінде сүйемелдейтін педагог-ассистент лауазымы енгізілді.
БҒМ ерекше білім беру қажеттілігі бар балалармен, оның ішінде аутизмі бар балалармен жұмыс бойынша арнайы педагогтерді даярлау бойынша жұмыс жүргізіп жатыр. Жоғары оқу орындарындағы педагогикалық мамандықтардың білім беру бағдарламаларына арнайы модульдер енгізілген.
Сондай-ақ жалпы білім беру ұйымдарында инклюзивті білім беру үшін жағдай жасау бойынша жұмыс жүргізіліп жатыр. 2025 жылға қарай мектепке дейінгі ұйымдар мен ерекше білім беру қажеттілігі бар жандарды, оның ішінде аутизмі бар балаларды қабылдауға дайындалған мектептердің үлесін 70%-ға дейін, ал колледждер мен ЖОО-лардың үлесін 100%-ға дейін арттыру жоспарланған.
@edu_news_qz