30.04.2026
«Ақмола облысы білім басқармасының Қорғалжын ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізілетіні туралы хабарлайды.
Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 18 қарашадағы «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңының 8-бабының 5-тармағына, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы № 12 бұйрығымен бекітілген сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларына сәйкес, 2026 жылғы 4 мамыр мен 16 маусым аралығында білім бөлімінің 2025 жылдағы қызметіне сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізіледі.
Талдаудың мақсаты – сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарға ықпал ететін себептер мен жағдайларды анықтау және оларды жою.
Барлық сұрақтар бойынша келесі телефон нөміріне хабарласуға болады:
📞 8 (7163) 72-23-77