2025 жылдың 17.10 күні Сабынды ауылының Үсенов атындағы жалпы орта білім беретін мектебінің аясында «Мектеп пен ата-ана бала тәрбиесінің өзегі» атты аудандық семинар өтті. Семинарға директордың тәрбие ісінің орынбасарлары мен ата-аналар комитетінің төрағасы/ төрайымының қатысты.
Семинар мақсаты:
-мектеп пен отбасы арасындағы ынтымақтастықты нығайту;
-балаларды тәрбиелеу де ұжымдық жауапкершілік сезімін дамыту;
-балалардың жеке тұлғалық қасиеттерін қалыптастырудағы отбасылық және педагогикалық ықпалдың маңыздылығын көрсету.
Семинарда ата-аналар жиналысы, «Әкелер» клубы «Әке көрген оқ жонар» әке мен оқушының жасаған жобалары көрсетілді, «Еңбек түбі-береке» атты тәрбие сағаты, «Әжелер» клубы «Қазақтың ұлттық тағамдары» ұлттық тағамдарды әжелерімен қыз балалар қазақтың ұлттық тағамдарын жасап көрсетті, мағыналы іс-шаралар өтті. Ата-аналармен «Ата-ана мен баланың қарым-қатынасы» атты тренинг өтті.
Семинардан алар іс-тәжірибе көп болды.