Текст
     
                                
             01.02.2018
                01.02.2018
        
АӘД пәнінен өткізілген
аудандық пневматикалық мылтық ату жарысының есебі
АӘД пәні бойынша 2018
жылы 31 қаңтар күні аудандық мектеп оқушылары
арасында пневматикалық мылтық ату жарысы өткізілді.
Мақсаты мен міндеттері: Жас ұрпақты Отан алдындағы парызын адал атқаруға, патриоттық, әскери
тәртіпті игеруге тәрбиелеу.
Жарысқа Қорғалжын ауданының 7 мектебінің оқушы
түлектері қатысты.
Пневматикалық
мылтық ату жарысының бағдарламасына 5 мылтық ату түрі кіргізілді.
Жарыстың қорытындысы бойынша,
оқушылар жақсы нәтижелер көрсетті.
I орын Арықты
орта мектебі
II орын Қорғалжын МГ
III орын Кеңбидайық орта мектебі