«Латынға көшу арқылы қазақ тілінің табиғи,
таза қалпын сақтай аламыз» деген Елбасының сөзіне байланысты әртүрлі ойлар,
пікір туындап жатыр. Осыған байланысты, Кеңбидайық орта мектебінде аталмыш
тақырыпта пікірталас ұйымдастырылды. Пікірталастың мақсаты- оқушылардың санасына латын әліпбиіне көшудің
маңыздылығы мен жауаптылығы жөнінде терең ой қалыптастыра отырып, пікір алмасу.Өзіндік
жеке тұлға ретінде қалыптасқан патриоттық тұлға тәрбиелеу. Пікірталасқа 9-11
сынып оқушылары белсенділік танытып қатысты.
Пікірталас барысында оқушыларға төмендегідей сұрақтар қойылып, пікірлері
тыңдалды.
І Латын әліпбиіне көшудің тиімді де пайдалы тұстары
Латын әліпбиіне көшудің себебі не?
Латын әліпбиіне көшудің қандай тиімді жақтары бар?
Осы сұрақтар бойынша пікірталасқа түссек...
ІІ Латын әліпбиін үйренудің
жолдары
Латын әліпбиін меңгеру қаншалықты қиындық туғызады?
Латын қарпіне көшудің қандай оңтайлы жолдарын атар едің.
ІІІ Латын әліпбиіне көшудің тиімсіз тұстары
Латын әліпбиіне көшу қандай қиындықтар туғызуы мүмкін?
Латын әліпбиіне көшсек, неден ұтыламыз?
Қойылған сұрақтарға оқушылар өз пікірлерін қосып, дәлелді жауап айта
алды. Тек қана қатысушылармен бірге
көрермендер де өз пікірлерін білдіре білді.
Пікірталас қорытындысы ретінде рефлексия жасалында.
Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйінің шығару мақсатында
қатысушыларға «иә» немесе «жоқ» деген жауапалу мақсатында сұрақ қойылды. Әрине «Иә» деген сұрақты жақтаушылар көп
болды. Жастардың таңдауы осы болды. Сөз соңында қорытындылай келе,қазақ тілі
бүгін бе ,ертең бе латын әліпбиіне көшетіні айқын айтылып, кең ауқымды түсінік
берілді.