Текст
2017 жылдың 28-ші тамыз күні «Қазақстанның жаңғыруы 3.0.-
білімінің үлесі» атты Қорғалжын ауданы білім қызметкерлерінің тамыз кеңесі
өтті. Кеңестің 1-ші, яғни секциялық бөлімі А.Төлеубаев атындағы орта мектепте
білім бөлімінің басшысы, әдіскерлері және аудан мектептерінің басшылары мен
ұстаздарының қатысуымен өтті. Кеңестің пленарлық бөлімі аудандық Мәдениет
үйінде жалғасты. Отырыста аудан әкімі Қ.Ө.Рыскелдінов құттықтау сөз сөйлеп, жас
мамандарға еңбек кітапшаларын табыстады. Аудандық білім бөлімінің басшысы С.М.Рысбаев
өзінің баяндамасында аудан мектептерінің жетістіктерімен бөлісті.