"Ақмола облысы білім басқармасының Қорғалжын ауданы бойынша білім бөлімі" мемлекеттік мекемесі
Государственное учреждение "Отдел образования по Коргалжынскому району управления образования Акмолинсой области"

    

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Аттестат тапсыру» кешінің өткізілгендігі туралы

13.06.2017

Қорғалжын аудандық 

білім бөлімі

«Аттестат тапсыру» кешінің

өткізілгендігі туралы

А Қ П А Р А Т

 

   2017

жылдың   12  маусымында  аудандық  білім  бөлімінің

09.06.2017

жылғы     №205-Ө бұйрығына

сәйкес   орта мектепті бітіру  «Аттестат

тапсыру» салтанатты рәсімі аудан бойынша 8 орта мектептің  72 түлегі   білім беру ұйымдарының

ошағында  сағат 15.00-де

аттестат тапсыру салтанаттының  рәсімі болып өтті. Салтанатты жиынды

аудан әкімі Рыскелдінов Қайыр Өмірсадықұлы, аудандық мәслихат хатшысы Балғабаев

Ө.К., «НұрОтан» ХДП бірінші орынбасары Қ.Т.Жұмабаев,  аудан әкімінің орынбасарлары Б.Сембаев, Ж.Далабаев

 аудандық білім бөлімінің басшысы

С.Рысбаев  және мектеп басшылары мен

ата-аналары қатысты. Салтанатты мереке өз деңгейінде ұйымдастырылды. Ауданымыздың

мақтанышы  8 «Алтын белгі» және 2 «Үздік» аттестат иегері  Қорғалжын  мектеп- гимназиясының түлектері Сағынбек Гүлмира

Нұрғалиқызы, Соколова Александра

Кирилловна, Дружба орта мектебінің түлегі Баешева  Анар  Туребекқызы, Арықты орта мектебінің

түлегі Боранбаев  Қайсар 

Бейсенжанұлы,  Кенбидайық орта

мектебінің түлектері: Аханов Есболай

Ғарифоллаұлы, Сыздыкова Гульнур

Темирбекқызы, Үсенов ат Сабынды орта мектебінің түлектері: Қабдрашев Жандос Жанатұлы, Төленов

Еркеболат Қайыргельдыұлы, «Үздік» аттестат иегерлері: Қорғалжын МГ түлегі Жүзбай Зарина Қабенқызы, Дружба орта

мектебінің түлегі  Искакова Айнұр Гизатқызы, әр түлектерге ауданымыздың  ел ағалары өз демеушіліктерімен әр балаға

10-15 мың теңгеден қаржылай демеушілік сыйға тартылды.. Әр түлекке аудан

әкімінің атынан арнайы құттықтау хат тапсырылды.  Мектеп түлектері аудан

әкімімен естелікке фотосуретке түсті Ата-аналардың жылы лебізі тыңдалды. Мектеп

түлектеріне құжат тапсыру кешінде аудан және аудан мектептерінде ешқандай келеңсіз

жағдайлар болған жоқ. Мектептерде аудандық ішкі істер бөлімімен бірге

атқарылған рейд жұмыстары жүргізілді.

 

 

 Басшы:                         С.Рысбаев

 

 

Орынд Ж.Елеуова

22385

Просмотров: 456


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст