"Ақмола облысы білім басқармасының Қорғалжын ауданы бойынша білім бөлімі" мемлекеттік мекемесі
Государственное учреждение "Отдел образования по Коргалжынскому району управления образования Акмолинсой области"

    

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

1-маусым балаларды қорғау күні

01.06.2017

1- маусым балаларды қорғау күні

Қорғалжын аудандық білім бөлімінің ұйымдастыруымен К.Күмісбеков атындағы аудандық мәдениет үйінде «ЭКСПО-2017» Болашақ энергиясы атты аудандық мерекелік шара заман талабына сай үш тілде өткізілді. Мереке шымылдығын аудан әкімі Қайыр Өмірсадықұлы Рыскелдінов ашты. Балаларды құттықтап, өз тілегін білдірді. Келесі кезекте аудандық білім бөлімінің басшысы Сартай Мырзабекұлы Рысбаев бүлдіршіндерді құттықтап, мерекелік іс-шараға демеушілік көрсеткен кәсіпкерлер мен азаматтарға алғыс хатын табыстады.  1-мауысым күні туылған балалар да қалыс қалған жоқ. Аудандық педагог мамандардың кәсіподақ ұйымының төрағасы, Қорғалжын мектеп гимназиясының директоры, аудандық маслихаттың депутаты Нұрлан Есіркепұлы Тәжин өз тарапынан туған күн иелерін құттықтап, сыйлықтарын таратты.

Жалпы мереке үлкен шерумен басталды. Барлық білім беру ұйымдары басшыларының ұйымдастырумен 8 орта мектеп, 5 негізгі мектеп, 3 бала бақша және 1 шағын орталық өз костюмдерімен шығып, өнерлерін көрсетті.

Шарада мектептердің ұйымдастыруымен түрлі сайыстар өткізіліп, жеңімпаздар грамота және  алғыс хаттармен марапатталды.

Р.Есімжанов атындағы балалар музыка мектебінің ұйымдастырумен салтанатты концерт ұйымдастырылды. Жалпы мереке өз деңгейінде өтті деген ойдамыз. Алдағы уақытта мұндай игі іс шаралар жалғасын табады деген ойдамыз. Жиын соңында демеушілердің тарапынан тегін балмұздақ таратылды. Аудандық мәдениет үйінің алаңына үш батут орналастырылды. Оларға балалар тегін асыр салып ойнап, шат шадыман күйге бөленді.

 

  

Просмотров: 366


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст