"Ақмола облысы білім басқармасының Қорғалжын ауданы бойынша білім бөлімі" мемлекеттік мекемесі
Государственное учреждение "Отдел образования по Коргалжынскому району управления образования Акмолинсой области"

    

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

І Облыстық робототехника конкурсы

05.04.2017

Оқушылардың шығармашылық белсенділігін арттыру, білім

беру робототехникасын әйгілеу, білім беру саласындағы робототехниканы дамыту

мақсатында «ЭКСПО-2017» көрмесін өткізу мен дайындау бойынша облыстық

іс-шаралар жоспарына және Ақмола облысы білім басқармасының іс-шаралар

жоспарына сай 2017 жылғы 27 наурыз күні Көкшетау қаласы білім бөлімінің «№2

орта мектеп-лицейі» КММ базасында І облыстық робототехника конкурсы өткізілді.

Конкурсқа Көкшетау, Степногорск қ. мен аудандардан, ведомствоға бағынысты

мекемелер мен жеке меншік мекемелерден 80 оқушы, команда басшылары және іс-шара

қонақтары мен көрермендер қатысты.

Конкурс 5 категория бойынша өткізілді. «Механикалық

сумо» категориясында І орынды Степногорск қ., №2 индустриалдық-техникалық

колледжінің «Импульс» командасы, ІІ орынды Атбасар қ., №1

индустриалдық-техникалық колледжінің «X-Ray» командасы, ІІІ орынды Көкшетау қ.,

дарынды балаларға арналған №3 облыстық мамандандырылған мектеп-интернатының

«Робофлеш» командасы иеленді.

«Сызықтың бойымен жүру» категориясында: І орын

–«Роботрек» Халықаралық робототехника клубы, Көкшетау қ. «Роботрек Кокшетау1»

командасы, ІІ орын - Көкшетау қ., Жоғары колледжінің «VHS» командасы, ІІІ орын

- Қорғалжын ауданы Дружба ОМ «Destroy» командасы.

«Кегельринг» категориясында: І орын - Дарынды

балаларға арналған №1 облыстық мамандандырылған «Қазақ-түрік лицейінің»

«KoksheBIL#1» командасы, ІІ орын – Целиноград ауданы №33 ОМ «Торнадо»

командасы, ІІІ орын - Көкшетау қ. М. Ғабдуллин ат. №3 көптілде оқытатын

мектеп-гимназиясының «Robo» командасы.

«Лабиринт» категориясында: І орын - Щучинск қ., Жоғары

колледжінің «Золотое руно» командасы, ІІ орын - Дарынды балаларға арналған №1

облыстық мамандандырылған «Қазақ-түрік лицейінің» «KoksheBIL#3» командасы, ІІІ

орын - -«Роботрек» Халықаралық робототехника клубы, Көкшетау қ. «Роботрек

Кокшетау» командасы.

«Шығармашылық» категориясында: І орын - Көкшетау қ.

«Әулет» мектептен тыс жұмыс орталығының «Самоделкин» командасы, ІІ орын -

Дарынды балаларға арналған №1 облыстық мамандандырылған «Қазақ-түрік лицейінің»

«KoksheBIL#3» командасы, ІІІ орын - Жақсы ауданы Оқушылар үйінің «Robotis»

командасы.

Конкурс шеңберінде «Базисный

магазин» компаниясының өкілдері мен «Роботрек» Халықаралық робототехника

клубының Көкшетау қ. филиалы робототехника өнімдерінің көрмесін ұйымдастырды.

Іс –шара қатысушылары мен көрермендер жаттығу жасап, жан-жағын бақылайтын,

музыка әуеніне билейтін роботтарды көріп, көлемді заттар шығаратын 3D-принтерді

тамашалады.

Жалпы Қорғалжын

ауданынан Далабаев Айдос Қайратұлының

жетекшілегемен барған 4 оқушы яғыни 2 команда қатысты, олар: Алибеков Жамбыл Жасұланұлы, Жаманбаева Малика Маратқызы,

Ильясов Темірлан Төреханұлы, Далабаев Айдос Кайратулы. 1 команда

жоғарыда айтыландай ІІІ орынға ие болды.

Просмотров: 522


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст