"Ақмола облысы білім басқармасының Қорғалжын ауданы бойынша білім бөлімі" мемлекеттік мекемесі
Государственное учреждение "Отдел образования по Коргалжынскому району управления образования Акмолинсой области"

    

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Арықты орта мектебінде «Оқу үдерісін жаңартылған оқу мазмұнына бағыттау» тақырыбында облыстық аймақтық семинар болып өтті.

16.03.2017

      «Біз ғылым-білім-инновациялар» үштігі билеген постиндустриялық әлемге қарай

жылжып келеміз»,– деп Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев атап көрсеткендей, білім беру

мазмұнының жаңартылуы бүгінгі күннің өзекті мәселесі. Білім беру мазмұнын

жаңартудың қажеттілігі неде? Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев еліміздің әлемнің

дамыған 30 елдің қатарына кіру міндетін қойып отыр. Ел экономикасының қарқынды

дамуы білім беру жүйесіне тікелей байланысты. Осы бағытта 2017 жылдың 15

наурызында Ақмола облысы, Қорғалжын ауданы, Арықты орта мектебінде «Оқу

үдерісін жаңартылған оқу мазмұнына бағыттау» тақырыбында облыстық аймақтық

семинар болып өтті. Мақсаты: Жаңа форматты сабақтар арқылы жаңартылған білім

мазмұнын дамыту. Жаңартылған оқу бағдарламасында оқудың дәстүрлі міндеттері

заманауи мектепте білім беру үдерісін ұйымдастырудың инновациялық

тәсілдемелерімен үйлесімді сабақтастыруды және заман талабына сай үштілділікті

назарға алған 5 жасар, 6 жасар, 1-сынып оқушыларымен ағылшын тілінде сабақ көрсеткен

пән мұғалімдері Тажикенова Ж.О. мен Нурмухамбетова М.М. балалардың кішкентай

кезінен шет тіліне икемділігін көрсетті.  Жаңартылған бағдарлама  бойынша 1-сынып мұғалімі Қожағұлова Ә. Ж. мен

физика пәнінің мұғалімі Асыржанова С.С. жаратылыстау пәнінен «Магнит»

тақырыбына сабақ өткізді. Өзін-өзі тану пәнінен Омарова Г.С. ,Такеева М.К.

«Мектеп және ата-ана» бойынша өткізген сабақтары көптің көңілінен шықты. Биология

пәні (Дюсенова Г.С.) мен ағылшын (Нурмухамбетова М.М.) тілінен өткізген дуэт

сабақтар, 11-сыныптарды  Ұлттық Бірыңғай

Тестілеуге жаңартылған форматта дайындау мақсатында әдебиет, тарих, география (Асқарова

Н.Т., Кульбаев А.Е., Хажат Л.) пәндерінен кіріктірілген сабақ және математика,

физика  (Ибраева А.Т., Бектұрсынова Қ.Б.)

іс-тәжірибелерімен бөлісті. Аталмыш семинарға бес ауданның мұғалімдері қатысты.

Соңында Ақмола облысы Білім басқармасының оқу әдістемелік кабинетінің әдіскері

Исмайлова Майра Исполовна мұғалімдермен тренинг өткізіп, өткізілген сабақтарды

қорытындылады.   Семинарға қатысып, өз

ойымен бөліскен Қорғалжын ауданы білім бөлімінің басшысы Рыспаев Сартай

Мырзабекұлы  семинардың жоғары дәрежеде

өтуін  ұйымдастырған мектеп директоры

Кульбаева Айгерім Серікбайқызына алғысын білдірді.

Просмотров: 541


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст