«Шаңырағым- шаттығым» атты
отбасылық шығармашылық байқауы
«Ақ-Ботақан» балабақшасында «Шаңырағым- шаттығым» атты байқауы ақпанның 24 күні өтті.
Байқаудың мақсаты: Отбасы мен балабақша арасындағы
ынтымақтастықты және отбасылық шығармашылықты көрсету.
Баланың
шығармашылық қабілетін отбасымен біріккен іс-әрекеті арқылы дамыта отырып, отбасы туралы түсініктерін қалыптастыру арқылы балаларды сыйластыққа,
адамгершілікке, инабаттылыққа тәрбиелеу және отбасына, туыстарына, үлкендерге, құрбыларына
деген сүйіспеншілігін арттыру мақсаты жүзеге асырылды.
Байқаудың қазылар алқасында: Білім бөлімінің әдіскері Гүлмира
Тулеубаевна, «Балауса» балабақшасының әдіскері Гүлзайраш Жұматаевна, «Балауса»
балабақшасының педагог-психологы Гульнар Рахишовна төрелік етті.
Байқауда орындау шеберлігі,
шығармашылық көзқарасы, ақпараттық-коммуникативтік технологияны қолданылуы, сахналау, киім үлгісі, музыкалылығы
ескеріле отырып, қазылар алқасының шешімі бойынша
1. Мұстафиндар отбасы-
Басжүлде
2. Омаровтар отбасы - I орын
3. Есжановтар отбасы - ІІ орын
4. Каратаевтар отбасы- ІІІ орынды иеленді.
Қатысушылырға «Отбасы шеберлігі», «Өнерлі отбасы», «Сәнді отбасы»,
«Жаңашыл» отбасы номинациялары бойынша мадақтама грамотасымен марапатталып, әр
топтың ата-аналар жанкүйерлері қатысып, демеушілік көрсетті. Балабақшаның
атынан сыйлықтар таратылды.