Текст
Ағымдағы жылдың наурыз айының соңғы күндері ауа-райының қолайсыз кезінде «Ақмола облысы білім басқармасының Қорғалжын ауданы бойынша білім бөлімі Жантеке ауылының жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимарат төбесіне бірнеше зиян келтірілген болатын. Осындай кезде Жантеке ауылының «Ақжол-2030» жеке шаруашылық қожалығының басшысы Жеңіс Сәдуақасұлы өз қаражатына қажетті заттарды сатып алып және жұмыскерлерін жөндеу жұмыстарына қамтамасыз етті. Жантеке ауылында жаны жайсаң жомарт жандардың болғаны бізді қуантады. Балалар үшін жасалған жақсылық еш ұмытылмайды. Қорғалжын ауданы білім бөлімі атынан демеушіге көп алғыс білдіреміз.