2019 жылдың 31 мамырында Қорғалжын ауданының А.Төлеубаев атындағы орта мектеп базасында халықтың цифрлық сауаттылығын арттыру шеңберінде жаттықтырушыларды дайындау бойынша оқыту семинары өтті.
Қорғалжын аудандық білім бөлімі АҚ «Қазпочта» (Kazpost), "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясымен және "Ұлттық ақпараттық технологиялар" АҚ-мен бірлесіп, білім беру ұйымдары мен колледждердің информатика мұғалімдеріне 6 бағдарлама бойынша оқыту жүргізді: базалық цифрлық дағдылар, ашық үкімет, электрондық үкімет және электрондық мемлекеттік қызметтер, электрондық сауда, ақпараттық қауіпсіздік негіздері және онлайн POST.KZ онлайн қызметтерінің гипермаркеті.
Оқыту семинарын ұйымдастырған білім бөлімінің мониторинг үйлестіруші әдіскрі Далабаев Айдос Қайратұлы және семинарды өткізген А.Үсенов атындағы Сабынды орта мектебінің информатика пәнінің мұғалімі М.Галина мен «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы КЕ АК Ақмола облысы филиалы халыққа кызмет көрсету бойынша Корғалжын аудандык бөлімінен Аймаганбет Дархан Толеуханұлы қатысушыларға барлығын түсіндіріп көрсетті. Семинар соңында барлық қатысушыларға сертификаттар берілді.