«Самғатқан сан қыранды алтын ұям» атты аттестат табыстау рәсімі
Бүгін ауданымыздың барлық мектептерінде орта және негізгі білім алған түлектерге арналған «Самғатқан сан қыранды алтын ұям» атты аттестат табыстау рәсімі өтті. Аудан бойынша 11 сынып түлектері -55 болса, соның 7-і «Алтын белгі», 2-«Үздік аттестат» иегері атанды. 9-сынып аятаған түлектер саны - 162, оның 26 оқушысы ерекше куәлік иегері атанды.
Аудан әкімдігінен және білім бөлімінің өкілдері барып «Алтын белгі» иегерлеріне өз сыйлықтарын табыстады.
Аталған түлектерге білім беріп, үлкен өмір жолына бағыттаған ұстаздарына ыстық ықыластарын арнай отырып, мектеп түлектері бүгін «алтын ұяларымен» қоштасты. Ендігі алдарында тұрған сынақ ҰБТ. Одан алдарына қойған мақсаттарына жетіп, сүрінбей өтеді деген үміттеміз. Ақ жол, біздің түлектер!!!