"Ақмола облысы білім басқармасының Қорғалжын ауданы бойынша білім бөлімі" мемлекеттік мекемесі
Государственное учреждение "Отдел образования по Коргалжынскому району управления образования Акмолинсой области"

    

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Əдістемелік күн

13.09.2019

Бүгін А.Төлеубаев атындағы орта мектеп аясында Ақмола облысы білім басқармасы "Облыстық оқу əдістемелік кабинетінің" жұмыс жоспарына сəйкес облыстық оқу-əдістемелік кабинеті директорының орынбасары, педагогика ғылымдарының кандидаты Кушпаева Гүлнар Бүркітбайқызы "Жаңартылған білім мазмұны жағдайында инновациялық əдістемелік қызметті ұйымдастыру. Мектепішілік бақылау мен  басқару  жүйесі" тақырыбында, облыстық оқу-əдістемелік кабинетінің мектепке дейінгі жəне орта білім беру бөлімінің басшысы Беганалинова Раушан Болатқызы "1-11 сыныптарда жаңартылған білім мазмұны бойынша білім беру процесін ұйымдастыру ерекшеліктері. Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің үлгілік оқу жоспарларына енгізілген соңғы өзгерістер мен толықтырулар туралы", облыстық оқу-əдістемелік кабинетінің тəрбие жұмысы бөлімінің басшысы Кажигалиева Шолпан Қалиқызы    "Жалпы білім беру ұйымдарындағы тəрбие жүмысының ерекшеліктері" тақырыптарында ақпараттар беріп, ашық сұхбат алаңы ұйымдастырылды.  Аудан  мектептерінің оқу ісінің меңгерушілері, тəрбие жұмысын ұйымдастырушылары өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, көптеген ақпараттар алды.

Просмотров: 515


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст