"Ақмола облысы білім басқармасының Қорғалжын ауданы бойынша білім бөлімі" мемлекеттік мекемесі
Государственное учреждение "Отдел образования по Коргалжынскому району управления образования Акмолинсой области"

    

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Аудан ұстаздарының озық тәжірибелерін тарату және білім сапасын арттырудың тиімді әдістері»

14.03.2023
«Аудан ұстаздарының озық тәжірибелерін тарату және білім сапасын арттырудың тиімді әдістері»  тақырыбындағы аудандық семинар
Бүгін Қорғалжын ауылының мектеп-гимназиясы аясына білім бөлімінің ұйымдастыруымен 2022-2023 оқу жылындағы «Аудан ұстаздарының озық тәжірибелерін тарату және білім сапасын арттырудың тиімді әдістері» тақырыбы аясында бастауыш класс мұғалімдерінің «Заманауи білім – оқытудың тиімді әдіс-тәсілдері» атты аудандық семинар ұйымдастырылды. Семинарға ауданымыздың бастауыш сынып мұғалімдері шақырылып, Қорғалжын ауылы мектеп-гимназиясының бастауыш сынып мұғалімдері Байтурова  Айслу Толеутайқызы 1- сыныпта «Теңдеу. Қазақ – қонақжай халық» тақырыбында математика пәнінен, Туребаева  Айжан Сериковна «Туған жердің табиғатын аялаймыз» 4-сыныпта әдебиеттік оқу пәнінен, Арықты орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Кожагулова  Асем Жамбыришиевна  4 -сыныпта «Мәншүк» Пулеметші батыр қыз. С.Машақов» әдебиеттік оқу пәнінен, Амангелді орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Ахметбекова Айнур Сайлаубековна  3-сыныпта «Жазбаша көбейту және бөлу алгоритмін қолдану» Қазақстанның балалар жазушылары тақырыбында математика пәндерінен ашық сабақтарында, оның ішінде жаңа әдіс-тәсілдерді, технологияларды қолдануды кеңінен көрсетті. 
Семинарға Қорғалжын ауылы мектеп-гимназиясының директоры Нұрлан Есіркепұлы Тәжин арнайы келіп, ұстаздарға жылы лебізін білдірді. 
Сонымен қатар, авторлық бағдарлама әзірлеушілері Қорғалжын ауылы мектеп-гимназиясының бастауыш сынып мұғалімі Рыспаева Аягоз Бактыгельдиевна және А.Төлеубаев орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Байтуганова Марал Маратовна  «Бастауыш сынып оқушыларының танымдық қабілетін дамыту» тақырыбында шебер-сынып өткізіп, ұстаздармен тәжірибелерімен бөлісті. Өткен семинарды қорытындылау және кері байланыс ұйымдастыру мақсатында Қорғалжын ауылы мектеп-гимназиясының бастауыш сынып мұғалімі  Есім Шәмшінұр Жанбыршиевна  рефлексия  тренингін  өткізді. Семинар соңында шебер-сынып көрсеткен ұстаздарға білім бөлімінің әдістемелік кабинет меңгерушісі Гүлзат Аманжолқызы Картенбай арнайы сертификаттармен марапаттады. 
Аудандық семинардың мақсаты Жаңартылған білім беру мазмұны бойынша оқытудың әдіс-тәсілдерін аудан көлемінде тарату болды және сол мақсатқа толық жетті. Семинарды жоғары деңгейде ұйымдастырып, қажетті техникалық-құрал жабдықтармен қамтамасыз еткен директордың м.а.                    Баян Амангелдіқызы Жүсіповаға және барлық мектеп ұжымына алғыс білдіреміз. 
Мұндай мазмұнды тәжірибе алмасу семинарлары ұстаздарға берері мол екенін ескере отырып, алдағы уақытта білім бөлімінің әдістемелік кабинет тарапынан жалғасын таппақ.
Просмотров: 143


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст