"Ақмола облысы білім басқармасының Қорғалжын ауданы бойынша білім бөлімі" мемлекеттік мекемесі
Государственное учреждение "Отдел образования по Коргалжынскому району управления образования Акмолинсой области"

    

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Аудан ұстаздарының озық тәжірибелерімен бөлісу және білім сапасын арттырудың тиімді әдістері» тақырыбындағы аудандық семинар

31.03.2023

Қорғалжын ауданы бойынша білім бөлімінің жұмыс жоспарына сәйкес 2022-2023 оқу жылындағы «Аудан ұстаздарының озық тәжірибелерімен бөлісу және білім сапасын арттырудың тиімді әдістері» тақырыбында Сабынды ауылының ЖОББМ аясында тарих пәні мұғалімдерінің аудандық семинары өтті. Семинарда  Сабынды ОМ тарихы пәнінің мұғалімі Мұқашев Абылайхан Асқарұлы 6-сыныпта «Хақназар хан тұсындағы Қазақ хандығы», Майшұқыр НМ мұғалімі Ошақбаев Кенжеболат Рысдавлетович 5-сыныпта «Ғұн тайпаларының бірігуі», Қорғалжын ауылының МГ мұғалімі Ахметова Гүлмира Кабдоллаевна 8-сыныпта  «ХХ ғасырдың 20-30 жылдардағы қазақ әдебиетінің дамуы» тақырыбында шебер-сынып көрсетті. Сабақ барысында ұстаздар жас мамандар мен семинарға қатысушыларға тиімді әдіс-тәсілдерді, АКТ қолдануды көрсетті. Арықты ОМ тарих пәнінің мұғалімі Исабекова Айнұр Ғалымжанқызы «Бағалауға арналған тапсырмаларды дайындау және сараптау» тақырыбында шебер-сынып көрсетіп, ұстаздардың білімдерін шыңдай түсті. Мұнда ұстаздар критериалды бағалау жүйесі бойынша тапсырмалар дайындау және жүзеге асыру бойынша өз ойларымен бөлісті. Сондай-ақ, Арықты ОМ психологы семинарға қатысушылармен «Жылы жүрек – жақсы тілек» тақырыбында сергіту сәтін жүргізді. Ұстаздар бір-біріне деген жылы лебіздерін білдіріп, қызықты тапсырмалар орындады.

Қазіргі мектептің дамуына зор үлес қосатын бағыттың бірі – дебат қозғалысы болып табылады. Сабынды ОМ дебат қозғалысы жоғары деңгейге қойылған. Оқушылары аудандық  кезеңнің жеңімпазы, облыстық кезеңнің қатысушылары атанған. Осы жұмыс бойынша өз тәжірибесімен бөліскен Сабынды ОМ тарих пәнінің мұғалімі Қабдрашов Батыржан Жанатұлын ерекше атап өтсек болады.

Сонымен қатар, семинар барысында көрме ұйымдастырылып, қонақтар Сабынды ОМ ұжымының жетістіктерімен танысты.   

Семинар соңында шебер-сынып көрсетіп, өз тәжірибелерімен бөліскен ұстаздарға арнайы білім бөлімінің мадақтамасы табыс етілді.

Просмотров: 182


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст