2020 жылдың 18-ақпан күні А.Төлеубаев атындағы орта мектебінде аудандық білім бөлімінің алқа мәжілісінің отырысы өтті. Мәжіліске аудандық білім бөлімінің басшысы С.Омарова, аудандық білім саласы қызметкерлерінің кәсіподақ ұйымының төрағасы Н.Тәжин, аудандық директорлар кеңесінің төрайымы О.Саметова, аудандық білім бөлімінің әдіскерлері, білім беру ұйымдарының басшылары, оқу ісінің меңгерушілері және тәрбие жұмысын ұйымдастырушылар қатысты. Күн тәртібіне сәйкес 2019 жылдың 31-желтоқсан күні қабылданған ҚР «Педагог мәртебесі» Заңы туралы, педагогтардың аттестация бойынша енгізілген өзгерістер туралы білім бөлімінің оқу-әдістемелік кабинет меңгерушісі Г.Картенбайдың баяндамасы оқылды. Білім бөлімінің әдіскерлері 2019 жылы атқарылған жұмыстар есебін және 2020 жылға арналған жоспарларымен таныстырып өтті. Білім бөлімінің әдіскерлері А.Нарынның инклюзивті білім беру бойынша, О.Мусайдың мемлекеттік қызмет көрсету бойынша есебі тыңдалды. Білім бөлімінің басшысы С.Омарова білім сапасын жақсарту мақсатында білім беру ұйымдарының басшыларына бірнеше тапсырмалар берді.