"Ақмола облысы білім басқармасының Қорғалжын ауданы бойынша білім бөлімі" мемлекеттік мекемесі
Государственное учреждение "Отдел образования по Коргалжынскому району управления образования Акмолинсой области"

    

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Ильясова Гулюм Накыповна марапаттау парағы

18.09.2023

МАРАПАТТАУ  ПАРАҒЫ

1. Тегі, аты, әкесінің аты: Ильясова Гулюм Накыповна

2. Жеке сәйкестендіру нөмірі (ЖСН): 700811401802

3. Лауазымы, жұмыс, қызмет орны (кәсіпорын, мекеме, ұйым бөлімшесінің атауы дәл көрсетілуі керек): «Ақмола облысы білім басқармасының Қорғалжын ауданы бойынша білім бөлімі Жантеке ауылының жалпы орта білім беретін мектебі»ММ  бастауыш сынып мұғалімі

4. Жынысы: әйел

5. Туған жылы мен туған жері: 11 тамыз 1970 ж., Қорғалжын ауданы

6. Ұлты: қазақ

7. Білімі: жоғары

8. Ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы: жоқ

9. Қазақстан Республикасының қандай мемлекеттік наградаларымен наградталған және наградталған уақыты: Ақмола облысы білім басқармасының «Алғыс хаты» 2018 ж, Ақмола облысы білім басқармасының «Құрмет грамотасы» 2020 ж.

10. Үйінің мекен-жайы: Қорғалжын ауданы, Жантеке ауылы, К.Кумисбеков  көшесі 23 үй

11. Жалпы жұмыс өтілі: 15 жыл

12. Саладағы жұмыс өтілі: 15 жыл

13. Осы еңбек ұжымындағы жұмыс өтілі: 15 жыл

14. Санаты: педагог-зерттеуші

        15. Марапатталушының  нақты ерекше еңбегі және өлшемшарттарды  ескере  отырып, балдары  көрсетілген  мінездеме:

 Барлығы: 63,5  балл, оның ішінде:

Ильясова Гулюм Накыповна  аталмыш мектепте 2007 жылдан бастап бастауыш сынып  мұғалімі жұмысын атқарады. «Білім негізі-бастауышта» дегендей бастауыш сынып оқушыларына сапалы білім беруде.  Ұстаз жаңашыл, әрдайым іздену үрдісінде. Өз тәжірибесін насихаттау мақсатында республикалық әдістемелік-педагогикалық бастауыш журналына сабақ жоспарлары үнемі жарияланады. Облыстық деңгейде семинар-практикум, конференцияларға белсене қатысады.

 2018 жылы Көкшетау қаласында «Шағын жинақталған мектептің педагогі: білім беру мазмұнын жаңарту жағдайындағы кәсіби дамуының мәселелері» атты республикалық ғылыми-практикалық конференция жұмысына өз үлесін қосты.- 10 балл

 2019 жылы «Бастауыш білім беру педагогикасы» пәнінен ұйымдастырған республикалық олимпиадаға қатысып, сертификат иеленді- 8 балл

2020 жылы «Бастауышта оқытудың тиімді әдіс тәсілдері» тақырыбында өз білімін жетілдіріп, курсқа қатысты. – 5 балл

 2020 жылы үздік педагогтардың есімін және бұқаралық ақпарат құралдарында насихаттау мақсатында ұйымдастырылған Республикалық «Ozattar-білім саласы үздіктерінің энциклопедиясы» жинағына еніп, білім саласының үздік қызметкері қатарына көрінгені үшін «Құрмет грамотасымен» марапатталып, төсбелгі иеленді.- 10,5 балл

 Қашықтықтан ұйымдастырылған бастауыш сынып оқушыларына арналған олимпиадаға оқушылары Боранбекова Азиза, Бикен Жансая, Ермек Айтмұқан қатысып, жүлделі орындарды еншіленді. – 5 балл

2020 жылы облыстық қашықтықтан оқытуға дайындық кезеңінде бейне сабақ байқауына қатысты.- 9 балл

2022 жылы «Кенгуру-математика барлығы үшін» республикалық интеллектуалдық ойын конкурсында шәкірті Мықтыбай Жантілеу қатысып, жүлделі 3 орын иеленді.- 8 балл

«Бастауыш сыныпта оқыту» республикалық ғылыми әдістемелік журналында математика, дүниетану, қазақ тілі пәндерінен сабақ жоспарының үлгілері жарияланды.- 8 балл

   Бастауыш сыныпта оқушыларды оқытуда замануи технологияларды пайдалану арқылы білім мен білікті арттыруда аяңбай ұстаздық қызметін атқарып жүрген ұстаз еңбегі марапатқа лайық.

Біз, «Ақмола облысы білім басқармасының Қорғалжын ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің отырысында «Ұстаз-ұлы тұлға» демекші, ұстаздың еңбегін құрметтей келе, Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің «Алғыс хатына» марапаттауға ұсынамыз.

Просмотров: 4617


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст