"Ақмола облысы білім басқармасының Қорғалжын ауданы бойынша білім бөлімі" мемлекеттік мекемесі
Государственное учреждение "Отдел образования по Коргалжынскому району управления образования Акмолинсой области"

    

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

2024 жылғы 14 ақпан күні Қосшы қаласы № 3 ЖОББМ базасында облыстытық семинар өтті

16.02.2024

2024 жылғы 14 ақпан күні Қосшы қаласы № 3 ЖОББМ базасында Ақмола өңірлік білім берудегі жаңа технологиялар орталығының директоры Б. А. Қадыров және аталған орталық мамандары С. М. Сейпиева, Г. Т. Досмағанбетованың қатысуымен облыстық семинар болып өтті. Қалалық және аудандық білім бөлімдерінде цифрландыру мәселелері бойынша жетекшілік ететін әдіскерлердің басын қосқан семинар барысында “E-ASHANA” аппараттық-бағдарламалық кешенінің тұсаукесері жасалды.     Ақмола облысының білім беру ұйымдарын цифрландырудың бүгінгі мен болашағы да жан-жақты талқыланды. Білім беру ұйымының сайттарын сүйемелдеу, үшінші деңгейдегі еdu.kz домендерін тіркеудің де қажеттілігі баса айтылды. Семинар соңында аудандық білім бөліміндегі мониторинг бойынша үйлестіруші-әдіскерлердің жұмыстары қорытындыланды. Осы орайда, Қорғалжын аудандық білім бөлімінің әдіскері де арнайы марапатқа ие болғандығын атап өткіміз келеді.

Қорғалжын аудандық білім бөлімінің әдіскері Айдос Қайратұлы Далабаев  “Күнделік” электрондық журналын жүргізу бойынша танытқан кәсібилігі мен еңбекқорлығы үшін “Күнделік” ЖШС-ның Бас директоры М.Ильясовтың “Алғыс хатымен” марапатталды.

Әріптесімізді біз де марапатымен шын жүректен құттықтаймыз. Қорғалжын ауданы бойынша білім беру жүйесінде атқарып жүрген жұмысыңызға шығармашылық табыс тілейміз.

Просмотров: 1871


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст