Бүгін Сабынды аулының ЖОББМ аясында тәжірибе алмасы және озық тәжірибелерді тарату мақсатында физика пәнінің мұғалімдеріне арналған аудандық семинар өтті. Семинарға білім бөліміне қарасты мектептердің физика пәнінің мұғалімдері қатысып. оның ішінде Сабынды ауылының физика пәнінің мұғалімдері Омарова Салтанат Конысовна, Арықты ауылының ЖОББМ Махаббат Ерсінгүл шебер сынып көрсетіп, тәжірибелерін ортаға салды. Сонымен қатар, А.Төлеубаев атындағы ЖОББМ ұстазы Сакенова Гүлнар Сабыровна авторлық бағдарлама жазудың қыр-сыры мен таныстырды. Семинар соңында қатысқан ұстаздар кері байланыс жасап, алдағы уақытқа жоспарлар құрды. Сондай-ақ әдістемелік көмек көрсету мақсатында ұстаздарға біршама ұсыныстар жасалды. Семинар соңында ұстаздарға сертификаттар, мектеп ұжымына алғыс хат табысталды.