"Ақмола облысы білім басқармасының Қорғалжын ауданы бойынша білім бөлімі" мемлекеттік мекемесі
Государственное учреждение "Отдел образования по Коргалжынскому району управления образования Акмолинсой области"

    

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Хабарландыру!

05.06.2024

Хабарландыру!

Қазақстан Республикасы Білім Министрінің 2022 жылғы 27 тамыздағы № 381 бұйрығына сәйкес "Ақмола облысы білім басқармасының Қорғалжын ауданы бойынша білім бөлімі" ММ «Еңбек нарығының қажеттіліктерін ескере отырып, мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытуға, орта білім беруге, балаларға қосымша білім беруге және техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімі бар кадрлар даярлауға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына сәйкес қосымша білім беру органдарына мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыруға конкурс жариялайды. 
Қосымша білім беру мемлекеттік білім беру тапсырысын алуға арналған конкурстық рәсімге қатысу үшін мынадай құжаттар ұсынылады: 
Балаларға қосымша білім беруге мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру жөніндегі конкурсқа қатысу үшін құжаттар тізбесі:

Жобаға қатысқысы келетін ұйымдар хабарландыру шыққаннан бастап 5 жұмыс күні ішінде білім бөліміне (аумағы бойынша) келесі құжаттарды тапсыруы қажет:
1) Қосымша білім беруге  мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыр бойынша комиссия төрағасының атына өтініш (қосымша 1);
2) «Ұлттық білім беру деректер қоры» ақпараттық жүйесіне нысан бойынша енгізу туралы комиссия төрағасының атына өтініш (қосымша 2);
3) нысан бойынша мемлекеттік тапсырысты орналастыру жоспарланған үйірмелер мен секциялар туралы ақпарат (қосымша 3);
4) Ұйымның жарғысы (Ереже, құрылтай шарты);
5) жылжымайтын мүлікке құқық белгілейтін құжаттардың көшірмесі немесе ұйым пайдаланатын жалға алу шартының көшірмесі;
6) балаларға арналған қосымша білімнің білім беру бағдарламалары;
7) педагогтердің педагогикалық немесе кәсіптік білімі туралы құжаттарының көшірмесі;
8) педагогтердің біліктілік деңгейі туралы нысан бойынша мәліметтер, сондай-ақ педагогтің біліктілік санатын беру (растау) туралы куәлігі қоса беріледі (қосымша 4);
9) Ұйымның жұмыс тәжірибесін растайтын құжаттардың (бар болса) (жарғыға, құрылтай құжаттарына, келісімшартқа сәйкес) көшірмелерінің немесе Ұйымның тәжірибесінің жоқтығы туралы хаттың болуы.
 10) Ұйым басшысының қолымен және мөрімен куәландырылған бейнебақылау камераларын орналастыру схемасы.

Сондай-ақ, бүгінгі күні ғылыми – техникалық  бағытта -9 орын бар  екенін хабарлаймыз.

Просмотров: 338


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст