Текст
2020 жылдың 24 қазан күні Арықты орта мектебінде Л.Н Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университетінің доценті, т.ғ.к, археология және этнология кафедрасының меңгерушісі Үмітқалиев Ұлан Үмітқалиұлымен кездесу өтті. Кездесу барысында 9-11 сынып оқушыларымен мамандық тандау бойынша әңгіме жүргізіп, археология мамандығының қыр-сырымен танысты. Оқушылармен кездесуден кейін, тарих пәні мұғалімі А.Г Исабекова өзінің археология бағытында жүргізіліп жатқан жұмыстарымен таныстырды.Мектептегі кездесу далалық аймаққа барлау жұмыстарымен жалғасты. Барлау жұмыстарына Арықты орта мектебінң оқушылары Келес Ә, Башкеевич Я, Гринберг А. және Арықты ауылдық округінің әкімі Омаров А.С , тарих пәні мұғалімі Кульбаев Ә.Е қатысты.