Текст
АҚМОЛА ОБЛЫСЫНЫҢ ҚҰРАМА КОМАНДАСЫ АСЫҚ АТУДАН ҚАЗАҚСТАН ЧЕМПИОНАТЫНДА 3-ШІ ОРЫНҒА ИЕ БОЛДЫ
Ерлер құрама командасы ептілік танытып, республикалық қола жүлдеге ие болды.
"Асық ату" ұлттық ойынымыз тәуелсіздік алғаннан бері бастау алған. Бүгінгі күнде ол тек ұлттық нақыш емес - спорттың салмақты бір түріне айналды. 2011 жылдан бастап республикалық деңгейде жарыстар мен сайыстар ұйымдастырыла бастады.
Республикалық асық ату чемпионаты онлайн түрінде өтті. Ұлттық спорттық жарысқа 12 команда қатысты.
Ақмола облысының құрама командасы үшінші орынға ие болды. Облыстық құрама команданың қатарында біздің ауданымыздың Арықты орта мектебінің дене шынықтыру пәнінің мұғалімі Семейхан Ерболат та бар.