"Ақмола облысы білім басқармасының Қорғалжын ауданы бойынша білім бөлімі" мемлекеттік мекемесі
Государственное учреждение "Отдел образования по Коргалжынскому району управления образования Акмолинсой области"

    

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

"Сабақты зерттеу: Қазақстан мектептерінің тәжірибесі"

13.11.2020

"Сабақты зерттеу: Қазақстан мектептерінің тәжірибесі"

2020 жылдың 12 қараша күні "Сабақты зерттеу: Қазақстан мектептерінің тәжірибесі" тақырыбында Ақмола облысы мен Қостанай облысының мұғалімдерінің арасында ғылыми практикалық конференция ZOOM платформасы арқылы өтті. Облыстар арасында өткізілген ғылыми практикалық конференцияға Арықты орта мектебінің  мұғалімдері іс-тәжірибелерімен бөлісті.  Атап айтсақ:"Сабақты зерттеу тәсілі- мұғалімнің тәжірибесінде жетілдіру құралы"тақырыбымен "Ізденіс" кәсіби қоғамдастығының бастауыш сынып мұғалімі Асем Жамбыршықызы Кожагулова мектепте жүргізілген іс-тәжірибесімен бөлісті. "Өзгеріс" кәсіби қоғамдастығының  биология пәнінің  мұғалімі Гульнур Серикбаевна Дюсенова "Диалогтық оқыту арқылы оқушылардын сындарлы ойлау дағдыларын қалай дамытуға болады?" тақырыбында постер ұсынды. "Сенім" кәсіби қоғамдастығының мұғалімдері Сейсенова Ғалия Ағланбековна, Сатанова Шолпан Қайыркеновна, Кожагулова Назгуль Жамбыршиевна және Қошқарбаева Бибинур Серикбаевна  "Мұғалімдердің өсуіне  LS үдерісінің ықпалы" тақырыбында өздерінің зерттеу жұмыстарын ғылыми практикалық конференциясына материалдарының жинағына жіберді.

 

Просмотров: 2072


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст