"Ақмола облысы білім басқармасының Қорғалжын ауданы бойынша білім бөлімі" мемлекеттік мекемесі
Государственное учреждение "Отдел образования по Коргалжынскому району управления образования Акмолинсой области"

    

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

"Абай әлемі" клубы

14.12.2020

Ұлы ақын Абай Құнанбайұлына жасалған ұлы тағзым!

 

Қазақ халқының ұлы ойшылы дана Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына орай Қорғалжын ауданы Жантеке ауылы Қызылту орта мектебінің аясында «Абай әлемі» клубының салтанатты ашылу рәсімі өтті. Осы игі бастама Тәуелсіздік күнімен тұспа-тұс келді. Салтанатты ашылу рәсіміне Қорғалжын ауданының әкімі Б.Жанбаев, аудандық білім бөлімінің тәрбие жөніндегі әдіскері Елеуова Жанаргүл Аманкелдіқызы, «Ақжол-2030» серіктестігі Жеңіс Жарылқасын,  аудандық тілдер бөлімінің басшысы Сыздыкова Гүлнар Кабылханқызы, Қарашалғын ауыл округінің әкімі Ә.Тажмаганбетов және ардагер ұстаз Исина Күміс Тойғылқызы қатысты. «Абай әлемі» клубының мақсаты - ұлы Абайдың ғибрат сөздерін ұрпақтан-ұрпаққа жеткізу және дарынды да, талантты оқушыларды шығармашылыққа бейімдеу болып саналады. Салтанатты ашылу рәсімінде оқушылардың орындауында ақынның поэзиясынан, филосиофияға құрылған қара сөздері мен әндерінен жыр шашылды.

  

 

Просмотров: 386


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст